
Ұлы Абай бабамыз «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деп айтқандай, ұстаз болу — екінің бірінің қолынан келмейтін, әрі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратыны анық.
Сондай ұстазымыздың бірі бүгінгі күні білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім Жармухаметова Айнур Магауовна. Ол 1994 жылдың тамыз айынан бері Жаңғызтөбе орта мектебінде қызмет атқарып келеді. Тәжірибелі ұстаздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегі мелекет тарапынан лайықты бағаланды. Жүзінен жылулық, сөздерінен қамқорлық шашып тұратын Айнур Магауовнаның өз жетістіктері мен оқушыларының жетістіктері де жетерлік. 2023 жылы 11-сынып оқушысы Сайкен Альбина облыстық пәндік олимпиадада ІІ орын, республикалық кезеңінде ІІІ орын иегері ата