Мусакиева Бақытгүл Мубараковна

Мусакиева Бақытгүл Мубараковна

Мұғалім – мектептің жүрегі
«Красное знамя» орта мектебіне алғаш ұстаз болып келген күннен бастап, өз ісіне шынайы берілген педагогтің бірі – Мусакиева Бақытгүл Мубараковна. Оқушыларының санасына білім нәрін құятын, оларды ізгі адамгершілік қасиеттерге баулитын ұстаз мамандығы ол үшін барлығынан жоғары еді. Талапты мұғалім мектеп табалдырығын ұстаз болып аттаған күннен бастап – ақ еңбекке құлшына кірісіп, әр оқушының жүрегіне жол таба білді.
Ұстаз мектепте тек сабақ берумен шектеліп қалған жоқ. Әр шәкірттің бойындағы алғыр қабілеттерін бақылап – зерттей жүріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне ерекше бейімі бар оқушылармен үздіксіз жұмыс атқару барысында жетістіктерге жетті. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Білімі мен мол тәжірибесін жас маманға тәлімгер болып, тапсырылған істерді тиянақты атқарды.
Іскерлігімен, белсенділігімен көзге түскен Бақытгүл Мубараковна тәрбие ісінің меңгерушісі, кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін мүлтіксіз атқарды. Ұстаздық мамандықтың ыстық – суығына төзе жүріп қаншама игі істер атқарып, қаншама шәкіртті үлкен өмірге қанат қақтырды. Олар әлі күнге дейін өз қызықтарын ұстазымен бөлісіп тұрады. Балалар мұғалімді жақсы көрсе, соған шын беріліп, оның өмір жолын өздеріне үлгі – өнеге етіп алады. Бақытгүл Мубараковнаның жолын қуып, сол салада еңбек етіп жүрген көптеген шәкірттері соның дәлелі.
Ұстаз әрдайым үнемі ізденіс жолында келеді. Бірінші ілгері деңгейді бітірген, тренерлік курсты тәмәмдаған. Шығармашылық жұмыспен айналысады. Мақалалары республикалық әдістемелік журналдарда жарық көрген. Бірнеше еңбектері жинаққа енген.
Әр сабағын қызықты өткізіп, оның маңызын оқушының зердесіне мұнтаздай етіп түсіру, әр шәкіртінің ынтасын, белсенділігін күшейту, отансүйгіштікке баулу – Бақытгүл Мубараковнаның күнделікті атқаратын ісі. Көп жылғы еңбегінің нәтижесінде Жарма ауданының 90 – жылдық төсбелгісімен марапатталған.