Камила Шакенқызы сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз

Камила Шакенқызы сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз

«Ұстазды алтын діңгекке балар едім» — деп, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің айтқанындай, ұстаздық – тарихтағы ең ұлы істің бірі. Шындығында, мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен, ұлағатты ұстаз мәртебесі кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Бүгінгі күні білім берудің барлық сатыларынан өткен, тәжірибелі мұғалім, әдіскер, оқытушы, ұстаздардың ұстазы болған Камила Шакеновна Мукажанова 1962 жылы 1 қарашада Семей облысы Жарма ауданы Каракультас станциясында дүниеге келген. 1985 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын «математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, білім саласындағы еңбек жолын бастады. Камила Шакенқызы сан мыңдаған шәкірттер мен жас мамандарды тәрбиелеуде өз бақытын еңбектен тапқан ұлағатты ұстаз. Тәжірибелі ұстаздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Алған мақтау, марапат, алғыс ¬ хаттарын тізетін болсақ, өз алдына бір төбе. Бірақ, адамның адамшылығы марапат қағазымен ғана өлшенбек емес, адамды одан да биік етіп, қосымша көрік беріп тұратын – адами қасиеттері, игілікті істері болмақ. Жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұратын Камила Шакеновнаның шәкірттері олимпиада, конкурстарда аудан, облыс, республика көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүргендері баршылық. 2023 жылы 8-сынып оқушысы Мүбәрак Маржан лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде ІІ орын, республикалық кезеңде ІІІ орын иегері атанды.
Өмірде тындырған әр ісің нәтиже беріп жатса, бұл да өмірдің сыйы емес пе?!