М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2023 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3- тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени- ағартушылық жобасын өткізу аясында 2023 жылғы 5 қыркүйегінде облыстың барлық білім беру ұйымдарында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақтың біртуар тұлғасы М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті. Мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту, диктантқа қатысушылардың мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған диктантқа аудан мектептерінің 1416 оқушысы қатысты.