«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы

2023 жылдың 1 тамызы – 31 қыркүйегі аралығында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін жыл сайын жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.
Осы мақсатта «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Жарма ауданында бастау алды.
Бүгінгі таңда «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында демеушілер тарапынан ауданның әлеуметтік осал топтарға жататын 443 оқушыға 3 086 975 теңге көлемінде (оқу құралдары, аяқ киімдер, мектеп формалары) қаржылай көмек көрсетілді.
Демеушілерге ризашылығымызды білдіреміз!