Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінде бірнеше жылдан бері ауылдан шықкан атақты тұлғалар,еңбек ардагерлерінің сыныптарға атын беру дәстүрге айналып келеді.

Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінде бірнеше жылдан бері ауылдан шықкан атақты тұлғалар,еңбек ардагерлерінің сыныптарға атын беру дәстүрге айналып келеді.

Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінде бірнеше жылдан бері ауылдан шықкан атақты тұлғалар,еңбек ардагерлерінің сыныптарға атын беру дәстүрге айналып келеді. 2023 жылдың 24 маусымында игі істі жалғастырып,болашақ жас ұрпаққа еңбек жолын үлгі-өнеге етіп,тәрбие беру,мамандыққа баулу,құрметтеу,туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ардагер ұстаз, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Білім озаты» төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Мансарин Талаптан Ержанұлының атына математика кабинетінің ашылу рәсімі және «Қалдырған ізің мәңгілік» атты еске алуға арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға жұбайы Үміт Қасымханқызы, ағайын –туыс, бауырлары, сыйлас, сырлас болған дос-жарандары, ардагер ұстаздар, әріптестері, түлектері шақырылды. Құрметті қонақтар арасында Жарма аудандық білім бөлімінің кәспіодақ төрағасы Е.Қ.Сембинов, ауылдық округ әкімі А.Т. Ансабаев, білім бөлімінің мамандары қатысты.
Мектеп акт залында келген қонақтарға мерекелік «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты жиын барысында мектеп директоры Аширбаев Ерлан Жұмаханұлы «Ұстаз-ұлы тұлға»тақырыбында Талаптан Ержанұлының өмірі,еңбек жолы туралы естеліктермен бөлісті.
Мектеп директоры Е.Ж.Аширбаев оқу бөлмесінің ашылуына демеушілік жасаған ұрпақтарына, шәкірттеріне, ауылымыздың кәсіпкерлеріне, жаны жомарт жандарға алғысын айтты. Кеш аяқталған соң Талаптан Ержанұлының ұрпақтары әкелеріне арнап ас берді. Өткізілген іс- шараға келген қонақтар жылы лебізін білдіріп, мектеп ұжымының ұйымшылдығына зор ықыласын білдірді. Ауылдың, мектептің жетістіктері арта берсін