Аттестатты салтанатты тапсыру

Аттестатты салтанатты тапсыру

2023 жылдың 21 маусымында Жарма ауданы білім беру мекемелерінде 11 сынып түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыру іс-шаралары өтті.
Мақсаты: жас түлектерге білім туралы құжатты алудың маңыздылығын дәріптеу, патриотизмге, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау.
Жалпы аудан бойынша 296 түлек мектеп бітіріп, оның 27- «Алтын белгі», 17- үздік аттестат иегерлері атанды. Әлихан Бөкейхан университеті гуманитарлық факультетінің деканы Искакова Маржан Оразгалиевна аудан бойынша мектеп бітіруші 21-түлекке оқу грантын тапсырды.
Туған елге құрмет –өз мектебіңе, отбасыңа, аулыңа деген ықыластан басталады. Ендеше мектеп бітіруші жас түлектердің асқақ арман жолында жаңа белестерге өрлеп, білім шыңдарында әлемдік дәрежеге қол жеткізіп, мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз!!!