
Абай облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Ақтайлақ би атындағы орта мектебі" КММ-сінде бокс үйірмесінің қатысушылары халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды. Бокс үйірмесі мектебімізде 2 жыл бұрын ашылып, оған жетекшілік жасаған дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Әнуарбеков Қуат Миржанұлы. Осы қысқа уақытта спортшылар республика көлеміндегі жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Республика көлеміндегі жарыстарға жол сапарлары мен үй-жайларына мектеп түлектері үнемі демеушілік жасап келе жатыр. Сол сияқты осы халықаралық турнирге баруға демеушілік жасаған 25 жылдық мектеп түлектеріне алғыс білдіреміз.
Моңғолия елінде бокстан Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен қатысқан боксшылар арасында өткен Баян-Өлгий аймағына бокс спортының негізін қалаушы, білікті бапкер, спорт шебері Х.Шарбетханды еске алу "Өлгий кубогы 2023" халықаралық турнирінде жеткен жетістіктері үшін төмендегі боксшы оқушылар марапатталды:
2- орын алғандар Салымжан Мұнар, Маханов Шапағат;
3-орын алғандар Бошар Айбек, Мұратбек Жігер.
Бапкері Әнуарбеков Қуат Миржанұлы.
Зор жетістікпен ата-аналар мен оқушыларды, бапкерін құттықтаймын! Биіктерден көріне беріңіздер!