«Астана менің отанымның елордасы»

«Астана менің отанымның елордасы»

2023 жылдың 27-29 маусым күндері Абай облысының 10-14 жас аралығындағы оқуда және спорта ерекшеленген 50 оқушысы Астана қаласы әкімдігінің шақыруымен елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында "Астана-менің Отанымның елордасы" атты үш күндік әлеуметтік турға қатысты. Аталған турға Жарма ауданынан 5 оқушы қамтылды.
Үш күндік әлеуметтік турда балалар үшін мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, оның барысында олар: Астана-Бәйтерек монументі, "Нұр Әлем" болашақ энергиясы мұражайы, Ұлттық мұражай, Тұңғыш Президент мұражайы, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-тарихи мұражайы, "Атамекен" ашық аспан астындағы мұражайы, Батут орталығы, Есіл бойындағы жағалау және «Мұхит аралы» сияқты басқа да көптеген елордамыздың көрікті жерлеріне саяхат жасады.
Балалар көптеген әсер алып, Астана қаласының тарихы мен мәдениетімен танысып білім қоржынындарын толықтырып қайтты.Сондай-ақ турдың барлық қатысушыларына Астана қаласының әкімдігінен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Турдың барлық қатысушылары осы ұмытылмас сапары үшін Астана қаласының әкімдігіне алғыстарын білдіреді.