«Балалардың игілігі үшін» акциясы аясында

«Балалардың игілігі үшін» акциясы аясында

2023 жылдың 1 маусымында аудан орталығында республикалық «Балалардың игілігі үшін» акциясы аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балдаурен» өнер фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Р.Нұрғалиев бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді.
Асфальтта сурет салу, асық ату ойыны, әдеби кітап көрмелері, «Балалық шақ әлемі қандай ғажайып» атты флешмоб, балабақша тәрбиеленушілерінің, өнер мектебі өнерпаздарының концерті балаларды қуанышқа бөледі. Ойындарға, сурет салу, өнер байқауларына белсене қатысқан балаларға балмұздақтар таратылды.
Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы К.Шаймуратов орталық ауруханада жатқан бүлдіршіндерге барып, арнайы сыйлықтар табыстап, мерекелік әдемі көңіл күй сыйлады.