«Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауы

«Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауы

Абай облысы білім беру мекемелерінің 6-8 сынып оқушылары арасында  «Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын  алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару.

Байқау нәтижесінде Жарма ауданынан Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің оқушылары қатысып,

  • «Қауіпсіз дөңгелек» кезеңінде І дәрежелі диплом;
  • «Саптық байқау» кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом;
  • «Амандасу, командасымен таныстыру» кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом;
  • «Үздік жол инспекторының киімі» номинациясы;
  • «Жол қозғалысының жас инспекторы» сертификатын алып, жалпы командалық есеп бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, кубокқа ие болды.

Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!