
2023 жылдың 31 мамыр күні Жарма ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, әдіскерлердің кәсіби шеберлігін анықтау, мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік, кәсіби имиджін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың қорытындысы нәтижесінде:
I орын – Жаңғызтөбе орта мектеп – балабақша кешенінің әдіскері Шугаипова Анар Керейбаевна;
II орын – «Бастау» балабақшасының әдіскері Сахариева Бакыт Дуйсеновна;
III орын – «Айналайын, Жарма» ЖШС әдіскері Мукушева Индира Мертаевна.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!