
Мектепке дейінгі ересек жастағы, мектепалды даярлық топтары мен даярлық сыныптары балаларының арасында қоршаған әлеммен өзара қарым – қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында өткен республикалық «Мен зерттеушімін» байқауында Георгиевка орта мектебі мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушісі Серікжан Арсен Сырымұлы /6 жас/ жүлделі II орынды иеленді.
Жобаның тақырыбы: «Үй жағдайында гидропоника әдісімен бидай өсіру». Тәрбиешісі Мусатова Алма Серикбаевна.
Жеңімпазды құттықтаймыз!