
2023 жылдың 18 мамырында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің аудандық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау, қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
Үздік фильм, ойынды кино, STOP-MOTION-видео, өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім, музыкалық клип, телевизиялық сюжет, киножурнал, ғылыми кино.
Фестивальдің аудандық кезеңіне 8 білім беру мекемелерінен 4 номинация бойынша 10 жұмыс қатысты.
Нәтижесінде:
Үздік фильм номинациясы бойынша:
І орын-Абай атындағы мектеп балабақша кешені;
ІІІ орын-Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі;
STOP-MOTION-видео номинациясы бойынша:
І орын-Маяковский атындағы орта мектебі;
Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім номинациясы бойынша:
І орын-Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі;
ІІІ орын- Аршалы негізгі мектебі, Т.Көбдіков атындағы орта мектебі, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені;
Музыкалық клип номинациясы бойынша:
І орын-Георгиевка орта мектебі;
Киножурнал номинациясы бойынша:
І орын- Абай атындағы мектеп-балабақша кешені;
ІІІ орын-Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі.
І орын жеңімпаздарының жұмыстары облыстық кезеңге жолданды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!