Ақын Саят Қамшыгер шығармашылығына арналған аудандық байқау

Ақын Саят Қамшыгер шығармашылығына арналған аудандық байқау

Ақын Саят Қамшыгер шығармашылығына арналған аудандық байқау
Ақын, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының, ҚР Ақпарат, ҚР Мәдениет салаларының үздігі, бірнеше жыр жинақтарының авторы, жерлесіміз Саят Қамшыгер поэзиясына арналған аудан білім беру мекемелерінің 7-10 – сынып оқушылары арасында Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінде аудандық байқау өтті.
Байқауға ақын, аудармашы, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, Халықаралық «Ильхан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Дәулетбек Бабатайұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Әлібек Шегебай, ақын, «Абайдың «Жидебай – Бөрілі» Мемлекеттік қорлық мұражайының директоры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Нұржан Байтөс, жазушы, «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, Абайдың әдеби – мемориалдық мұражайының қызметкері Қуат Қиықбай, Жарма ауданының мәслихат хатшысы М.М.Оспанбаев, Жарма ауданы оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Е.Қ.Сембинов қатысты. Жарма ауданының мәслихат хатшысы М.М.Оспанбаев, Жарма ауданы оқу- ағарту, ғылым және білім қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы Е.Қ.Сембинов ақын Саят Қамшыгерге алғыс сезімдерін айтып, құрмет көрсетті.
Жас жеткіншек ақындар Георгиевка орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Садакова Бинур, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Қ.Байдельдинова, П.Карелин атындағы орта мектебінің 10 – сынып оқушысы Есекенова Айым, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Айсабекқызы, Бақыршық орта мектебінің 7-сынып оқушысы Сейтжағыпар Анар, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Қ.Рабиева ақын Саят Қамшыгерге арнауларын, шоқ гүлдерін табыс етті.
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің оқушылары Саят ақынның өлеңдерінен әдеби-монтаж ұсынды.
Ақын Саят Қамшыгердің поэзиясына арналған аудандық байқау 2 бағыттан тұрды, мақсаты
• Ақын шығармаларын насихаттау;
• Жас ақындарға қолдау көрсету.
1 – бағыт «Менің пірім – поэзия» Саят Қамшыгердің 3 өлеңін жатқа оқу;
2–бағыт «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» - Жас ақындар өз туындыларымен бақтарын сынады.
Байқауға 2 бағыт бойынша 44 оқушы қатысты.
Шараға арнайы келген ақын – жазушылардан құрылған әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарып, бағаларын берді.
Нәтижесінде:
1- бағыт бойынша
Бас жүлде Кенден Айгерим, Қаражал негізгі мектебінің 9– сынып оқушысы;
І орын Жоушубаева Амина, Бақыршық орта мектебінің 8 – сынып оқушысы;
Нұрахметова Балым, Қажыкелды атындағы негізгі мектебінің 7 – сынып оқушысы;
ІІ орын
Еңсенова Гүлден, Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы;
Қадай Ұлдана, Жаңғызтөбе орта мектеп- балабақша кешенінің, 10–сынып оқушысы;
Тлеуканова Арайлым, П.Теряев атындағы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы;
Тілек Іңкәр, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 7 –сынып оқушысы.
ІІІ орын
Батырханов Әкежан, Қарасу орта мектебінің 9 – сынып оқушысы;
Әкімбай Абзал, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің 7 - сынып оқушысы;
Бейлтай Диана, Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің 7–сынып оқушысы; Қабдулмубарак Гүлім, №236 орта мектебінің .-сынып оқушысы;
Мұхаметқан Дана, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 8 – сынып оқушысы.
2 – бағыт бойынша
Бас жүлде
Сейтқазинова Толғанай, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 9 – сынып оқушысы;
І орын
Серікхан Шахарбану, Қажыкелді атындағы негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы;
ІІ орын
Сейтжағыпар Анар, Бақыршық орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
Мұқамедқали Гүльнәзік, Жаңғызтөбе орта мектеп – балабақша кешенінің 10–сынып оқушысы;
Сарсенбек Сая, К.Шакенов атындағы орта мектебінің 10–сынып оқушысы; Масанова Арай, Жаңғызтөбе орта мектеп – балабақша кешенінің 10–сынып оқушысы;
Ерғали Еңлік, №236 орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
Байқау қорытындысында ақын, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сейтқазинова Толғанайдың журналдың меншікті тілшісі ретінде қабылданғанын хабарлады.
Сөз алған ақын, ғибратты ойдан өрілген поэзия шалқарының иесі Саят Қамшыгер Жарма ауданының білім бөліміне, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің әкімшілігіне, ұжымына жүрекжарды алғысын білдіріп, өсіп, өркендеп келе жатқан жас жеткіншектерге қолтаңбасы бар, өлең жинақтарын тарту етті.
Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі С.Оспанов нақышына келтіре орындаған, Саят ақынның сөзіне жазылған «Елге сағыныш» әнімен шара өз мәресіне жетті.
Қатысушылар бойында құрметті қонақтардың мазмұнды әңгімелері мен оқыған жырлары ерекше әсер қалдырды.