
2023 жылдың 19 мамырында «Мектеп Парламентінің үздік Президенті-2023» облыстық байқауының аудандық кезеңі онлайн форматта өткізілді.
Мақсаты: мектеп парламенті президенттерінің табысты жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, қоғамдық және жеке санада жас көшбасшының жағымды бейнесін қалыптастыру.
Байқауға білім беру мекемелерінен 15 және 17 жас аралығындағы 16 мектеп парламентінің президенттері қатысты.
Байқау тапсырмалары:
-әлеуметтік желілердегі (Instagram) «Мен-мектеп парламентінің Президенттімін» презентациялық посты;
-бейнеролик, ұзақтығы 1 минут;
-«Біздің таңдауымыз» әлеуметтік жобасы-5 слайдтан аспайтын презентация.
Нәтижесінде:
І орын- Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өмірбекова Айгерім;
ІІ орын- Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 9 сынып оқушысы Нұрлан Назерке; Маяковский атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қайырбек Айша; К.Шакенов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мұқит Шәрбат;
ІІІ орын-Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Сейтжанұлы Мерейбек, Георгиевка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Оспанова Балжан, Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Болат Айзада, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дулат Аида.
І орын жеңімпазы Өмірбекова Аружан облыстық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!