
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту
министрінің жұмыс сапары
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев жұмыс сапарымен Абай облысында, соның ішінде облыс орталығынан 280 шақырым, аудан орталығынан 130 шақырым қашықтықта, шалғай орналасқан Аршалы негізгі мектебінде болып, мектеп тынысымен, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар үшін жайлы жағдай жасау, сапалы білім беруді дамыту, тәрбие саласы, мектептің материалдық –техникалық жабдықталуы, педагогтердің кәсіби дамуы бағытындағы жұмыстарымен танысты. Педагогтермен кездесуде Ғани Бектайұлы Бейсембаев алдағы уақытта білім саласында болатын өзгерістерге, проблемалық мәселерді шешу барысында нақты қадамдарды қамтитын кешенді бағдарламаларға, білім жүйесін дамытудағы қабылданатын өңірлік жол картасына тоқталып, еліміздің кемел болашағы жас ұрпақты дайындауда ұстаздар еңбегінің үлкен роль атқаратынын атап көрсетті.