Семей қаласынан Асель Кусембекова, Мөлдір Какимова, Елдос Байжумаев бастаған дін танушы мамандармен кездесу

Семей қаласынан Асель Кусембекова, Мөлдір Какимова, Елдос Байжумаев бастаған дін танушы мамандармен кездесу

2023 жылдың 11-мамырында Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының, Георгиевка орта мектебінің, Маяковский атындағы орта мектебінің 9 11-сынып оқушыларымен Семей қаласынан Асель Кусембекова, Мөлдір Какимова, Елдос Байжумаев бастаған дін танушы мамандармен кездесу өткізілді.
Ақпараттық шараның мақсаты:діни сауаттылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу ;
мәдени мұра, дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау.
Кездесу барысында діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар, дін арасында өзара байланыс мәселелері талқыланды. Қатысушылар мамандарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, толыққанды жауаптар алды.