
«1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай жалпы білім беру мекемелерінде бірлік сабақтары өткізілді. Тәрбие сағаттары өскелең ұрпақты патриотизмге, жалпыұлттық бірлік пен келісімге, жоғары мәдени- адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге, қоғамдағы ынтымақ пен өзара қолдауға бағытталды.