
Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновавация лицейі» КММ 2023 жылдың 26-27 сәуірі аралығында 7-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Мақсаты:
-мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
-оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Міндеті:
-оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру.
«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11 –сынып оқушылары (13-18 жас аралығы) қатысты.
Олимпиада 5 бағыттан тұрды:
1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
4. «Сөз шеберлері» (көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).
І бағыт бойынша:
1. Клейн Виолетта-І орын, Маяковский атындағы орта мектебі, 11- сынып оқушысы;
жетекшісі: К.К.Наушабаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2. Мақсұтбек Нұрай, ІІІ орын, Абай атындағы мектеп-балабақша кешені, 9- сынып оқушысы;
жетекшісі: М.Б.Тонтаев, «Өнер мектебі», бейнелеу өнері пәні мұғалімі;
ІІ бағыт бойынша:
1.Серікхан Нұрай, ІІІ орын, Бақыршық орта мектебі, 8-сынып оқушысы;
жетекшісі: Б.Азиман, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ бағыт бойынша:
1. Төлеутай Перизат, ІІІ орын, Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі, 11-сынып оқушысы;
жетекшісі: Г.К.Жармагамбетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2. Ширах Олеся, ІІ орын, П.Карелин атындағы орта мектебі, 8-сынып оқушысы;
жетекшісі: С.К.Кабдуллина, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІV бағыт бойынша:
1.Набережнева Олеся, ІІІ орын, Георгиевка орта мектебі, 8-сынып оқушысы;
жетекшісі: А.С.Даулетова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
V бағыт бойынша:
1.Болатқызы Тоғжан, ІІІ орын, Н.Крупская атындағы орта мектебі, 11-сынып оқушысы;
жетекшісі: К.М.Корпебаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2.Бритнер Анастасия, ІІ орын, Маяковский атындағы орта мектебі, 8- сынып оқушысы;
жетекшісі: Б.М.Аксакова, музыка пәні мұғалімі.
Республикалық қазақ тілі олимпиадасына облыс бойынша 12 команда қатысып, Жарма ауданының командасы облыстық кезеңде үздік нәтиже көрсеткені үшін «Жарқын болашақ» олимпиадасының үздік командасы- 2023» дипломының иегері атанды.
І орын иегері республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикаға жолдама алған Клейн Виолетаға сәттілік тілейміз!