• Жарма ауданы бойынша 9-сыныпты 640 оқушы бітіреді.
9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады. ▫ 1) қазақ/орыс тілі тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан - 2 маусым; ▫2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан - 6 маусым; ▫3) орыс сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан - 9 маусым; ▫4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, ағылшын, информатика бойынша жазбаша емтихан - 13 маусым. Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 294 түлек бітіреді. 11 (12) - сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: ▫1) қазақ/орыс тілі бойынша білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан - 5 маусым; ▫2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан - 8 маусым; ▫3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан - 12 маусым; ▫4) орыс тілінде оқытатын мектептерде/ қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан - 15 маусым; ▫5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, ағылшын, информатика жазбаша емтихан - 19 маусым.