«Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңін онлайн форматта өткізді. Мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту болып табылады. Облыстық кезеңге аудандар мен қалалардан 4 номинация бойынша 85 оқушы қатысты. Форум қорытындысы бойынша: ІІІ орын- Маяковский атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Адильбекова Дана, жетекшісі В.Н.Носуленко, Қарасу орта мектебінің 11 сынып оқушысы Манапбек Айшабибі, жетекшісі Д.К.Толымгожинова. Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!!!