«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі

2023 жылдың 12-13 сәуір аралығында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өтті.

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Нәтижесінде: Жарма ауданынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясы бойынша Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің оқушысы Қазтаев Аян ІІІ орын, жетекшісі Қайса Ғалымжан Жармұхамбетұлы;

«Zhasyl El» номинациясы бойынша Маяковский атындағы орта мектебінің оқушысы  Тұрсын Арай І орын, жетекшісі Сулейменова Гульдана  Токтархановна; Н.Крупская атындағы орта мектебінің оқушысы Рахимова Алима ІІІ орын, жетекшісі Айдарханова С.М;

«Eko-Bolashak» номинациясы бойынша Н.Крупская атындағы орта мектебінің оқушысы Акпаров Мансур І орын, жетекшісі Магапурова Юлия Ергазиновна;

«GREEN OASES» номинациясы бойынша Георгиевка орта мектебінің оқушысы Оралова Адина ІІ орын, жетекшісі Ермекова Алма  Сериковна;

«Туған өлкенің бояулары» номинациясы бойынша К.Шакенов атындағы орта мектебінің оқушысы Байжуминова Аружан І орын, жетекшісі Униспаева Дина Бегазиновна.

Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз!