Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі
Абай облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты:
оқушылар арасында Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын насихаттау;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын, табиғи дарындарын анықтау, қолдау.
Ілияс Жансүгіров оқуларына Жарма ауданынан «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясымен Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сұлтанова Толғанай қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдыханова Ардақ Алибековна алғыс хатпен марапатталды.
«Ағынды менің-Ақсуым» номинациясы бойынша Бақыршық орта мектебінің 7 сынып оқушысы Сейтжағыпар Анар өз шығармасын ұсынып, Ілияс Жансүгіров оқулары байқауының облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін Сертификат берілді.