Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің нәтижесі
ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Георгиевка орта мектебінің базасында өткізілді. Олимпиадаға Жарма ауданынан 17 оқушы қатысты. Нәтижесінде: 5-6 сынып оқушылары арасында: Математика пәнінен: ІІІ орын- Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы Есенгельдиева Нурайым, жетекшісі Оразақын Нүрсейіт; Жаратылыстану пәнінен: ІІІ орын- Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Тилектес Темирлан, жетекшісі Л.У.Рахимова; Тарих пәнінен: ІІ орын-Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияның 5 сынып оқушысы Дәулетқазы Диас, жетекшісі М.Е.Асылбекова; ІІІ орын-Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Амаева Сану, жетекшісі Р.Т.Жұмағазы; Қазақ тілі және әдебиеті пәнінен: ІІІ орын-Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 6 сынып оқушысы Еркен Іңкәр, жетекшісі К.А.Дюсембаева; Бақыршық орта мектебінің 5 сынып оқушысы Хуат Балауса, жетекшісі Б.Азиман; Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінен: ІІІ орын-Маяковский атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Мальцев Руслан, жетекшісі С.Г.Байнуркашева; Орыс тілі және әдебиеті пәнінен: ІІ орын-Георгиевка орта мектебінің 5 сынып оқушысы Касен Акежан, жетекшісі Г.М.Ахметжанова; ІІІ орын-Н.Крупская атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Прохорова Татьяна, жетекшісі О.В.Акпарова, Қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәнінен: ІІ орын-Георгиевка орта мектебінің 6 сынып оқушысы Қайырғазы Еркежан, жетекшісі Г.Т.Баяндинова. Жеңімпазды құттықтаймыз!!!