«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 6 сәуірінде мектепке дейінгі мекемелер педагогтері арасында республикалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: заманауи жағдайда үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау, тарату.
Міндеттері:
• қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін қажетті құзыреттерді дамыту;
• педаготердің шығармашылық бастамаларын дамыту және инновациялық қызметке ынталандыру;
• балаларға психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету;
• тәрбиеші мамандығының беделін арттыру;
Байқаудың қорытындысы нәтижесінде:
Бас жүлде – «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі Керейбаева Айнур Жумагалиевна;
I орын – «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Жумагулова Самал Рысбаевна;
II орын – «Айналайын, Жарма» ЖШС тәрбиешісі Языбаева Ерке Еркинбековна;
III орын – «Бастау» балабақшасының музыка жетекшісі Жакупова Анар Серикпековна, Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің тәрбиешісі Куттыбаева Мунира Толемысовна, «Аққу» бөбекжайының музыка жетекшісі Қалиева Жұпар Космонавтқызы.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!