«RoboBalapan – 2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі

«RoboBalapan – 2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі

Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық – әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 наурызында «RoboBalapan – 2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі өтті.

         Фестивальге Жарма ауданынан Абай атындағы мектеп – балабақша кешені, Бақыршық орта мектебі мектепалды даярлық сыныптарының, «Аққу» бөбекжайының 5 – 6 жас аралығындағы тәрбиеленушілері ата – аналары және жетекшілерімен қатысты.

         Фестивальдің қорытындысы нәтижесінде Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің «Robotics» командасы жүлделі II орынды иеленді.   Бақыршық орта мектебінің «Болашақ инженер» командасына «Жас маман» номинациясы, «Аққу» бөбекжайының «Келешек» командасына «Жас құрылысшы » номинациясы берілді.

         Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймыз!