
«Алтын қазына» байқауы
Жарма ауданының 95 жылдығына орай «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер түрінен балалар шығармашылығы республикалық көрме-байқауының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру, тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтарға араластыру.
Көрме-байқауға авторлық туындылар, бойынша әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы 107 жұмыс қатысты. Жұмыстар 7 түрлі номинация негізінде бағаланды:
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш);
3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше;
7) ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.
Нәтижесінде: ІІІ орын – 15, ІІ орын –15, І орын – 7. Бекітілген 7 номинациядан облысқа 5 мектептің жұмыстары жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!