
«Бәсекелес педагог» аудандық байқауы
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20-24 наурызы арлығында аудан білім беру мекемелерінің жоғары санатты, педагог-шебер, педагог-зерттеуші қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Бәсекелес педагог» облыстық байқауының аудандық кезеңі сырттай өткізілді.
Мақсаты:
-педагогтердің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін, шығармашыл, талантты мұғалімдерді анықтау;
-кәсіби деңгейлерін арттыру.
Міндеті:
-білім сапасын арттыруда технологияларды тиімді қолдануды дамыту, креативті қызыметтерін жетілдіру;
-заманауи педагогтерді қолдау, озық тәжірибелерді насихаттау.
Байқауда:
І.Педагогтердің өздері туралы толық мәліметі(бірнеше сала бойынша);
ІІ.Педагогикалық іс-тәжірибесі(бірнеше сала бойынша);
ІІІ.Педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі(бірнеше сала бойынша).
Нәтижесінде:
І орын-Л.Д.Келенова, Ш.Уәлиханов атындағы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
ІІ орын-Е.Д.Зиябекова, Бірлік орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
ІІ орын-Ш.Т.Рахимжанова, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
ІІІ орын- Ш.Қ.Кемерханова, Георгиевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жоғары санатты;
ІІІ орын- Қ.М.Көрпебаева, Н.Крупская атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
І орын иегері «Бәсекелес педагог» байқауының облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!