Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелер оқушылары арасында 2023 жылдың 15 –наурызында республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңін өткізді.
Мақсаты:
мектеп оқушылары арасында абыз жазушы Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз сөйлеу мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеті:
дарынды балаларды анықтау, әдеби мұралардың жүйелі орындалуын жолға қою.
Байқау 4 бағытта өткізілді.
Жарма ауданынан байқаудың облыстық кезеңіне Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы оқушылары қатысып, І бағыт үй тапсырмасы Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу Мусабалина Малика, І орын, жетекшісі– Есмұхаметова Жанар Сақтағановна көркем сурет пәнінің мұғалімі, Ә. Кекілбаев шығармаларын мәнерлеп оқу Ғаббасова Ажар , І орын, жетекшісі- Иманғалиева Меруерт Сайлауовна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі; Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым ІІІ орын, жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы, сертификат Кайсанова Карина, жетекшісі Рахимжанова Шынар Турсыновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
І орын иегерлері республикалық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздар мен жетекшілерін құттықтаймыз! Республикалық байқауда сәттілік тілейміз!