«Үздік жыл психологы» республикалық конкурс

«Үздік жыл психологы» республикалық конкурс

2023 жылдың 1-3 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтары үшін «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты-дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.
Конкурстың республикалық кезеңіне ауданымыздан Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің педагог-психологы Имангалиева Нурсулу Аманбековна қатысып, конкурста қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін грамотамен марапатталды.
Н.Имангалиеваны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!