Областной конкурс «Үздік мектеп кітапханасы – 2023»

Областной конкурс «Үздік мектеп кітапханасы – 2023»

Облыстық «Үздік мектеп кітапханасы – 2023» байқауы

         2023 жылдың 10 ақпанында жалпы білім беретін мекемелер кітапханаларының арасында «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты: кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітап оқуды насихаттауға, кітапханалардың озық тәжірибелерін зерделеуге, таратуға бағытталған кітапханалардың қызметін жетілдіру, ынталандыру, инновациялық жұмыс тәжірибелерін танымал ету, кітапхана мамандарының беделін арттыру.

Байқау 3 бағыттан тұрды. Жарма ауданы бойынша байқаудың аудандық кезеңінде І орын алған 2 мектеп кітапханасы облыстық кезеңге жолдама алып, нәтижесінде:

Абай атындағы мектеп – балабақша кешенінің кітапханасы, кітапханашысы Баймуратова кмар Капуовна, І орын;

К.Шакенов атындағы орта мектебінің кітапханасы, кітапханашысы – Кумарсагитова Кымбат Кабденовна, ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!