
2023 жылдың 8 ақпанында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалінің» облыстық кезеңі өтті.
Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Облыстық кезеңге Жарма ауданынынан 8 мұғалім қатысты.
Фестиваль «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң...», «Психолог сандықшасы» бағыттары бойынша өткізілді.
Фестиваль қорытындысы бойыншы:
Маяковский атындығы орта мектебінің педагог – психологы Тагиева Индира Таваккул-кызы II дәрежелі дипломмен, Балықтыкөл негізігі метебінің биология, химия пәнінің мұғалімі Сибанбаева Айжан Турсынхановна II дәрежелі дипломмен, К.Шакенов атындағы орта мектебінің директоры Байгалиев Кайрат Сыдыкович II дәрежелі дипломмен, Георгиевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кызжанова Мадина Жумагалиевна III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Облыстық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тілейміз!