Аудандық «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауы

    Аудандық «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауы

       Аудандық «Үздік мектеп кітапханасы-2023» байқауы

Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпанында жалпы білім беретін мекемелер кітапханаларының арасында «Үздік мектеп кітапханасы - 2023» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Мақсаты: кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға, кітап пен оқуды насихаттауға, кітапханалардың озық тәжірибесін зерделеуге, жинақтауға және таратуға бағытталған кітапханалардың қызметін жетілдіру және ынталандыру, жалпы білім беру мекемелері кітапханаларының тиімді,  инновациялық жұмыс тәжірибесін танымал ету,  тарату, кітапхана мамандарының беделін арттыру.

Байқау үш бағыттан тұрады:

  1. «Кітапхана-парасаттылық пен білімдііліктің киелі ордасы»- таныстыру;
  2. «Кітапхана білімпаздар мекені»- мектеп кітапханасының үздік жобасы;
  3. «Кітапханашы-мәртебелі мамандық!»- мектеп кітапханашысының озық тәжірибесі (үйірме, клуб, пікірталас, букроссинг, коворкинг жұмыстар т.б).

Нәтижесінде:

І орын-Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің мектеп кітапханасы;

І орын-К.Шакенов атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІ орын- Т.Көбдіков атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІ орын-Маяковский атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІ орын-Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІІ орын-Георгиевка орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІІ орын-Бақыршық орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІІ орын-П.Карелин атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы;

ІІІ орын-Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің мектеп кітапханасы.

І орын иегерлері байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады.

Жеңімпаздарды  жеңістерімен құттықтаймыз!