«Үздік оқырман» аудандық байқауы

«Үздік оқырман» аудандық байқауы

«Үздік оқырман» аудандық байқауы
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінің орыс сыныптарында оқитын өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында онлайн форматта аудандық «Үздік оқырман» байқауы өтті.
Мақсаты:
-өзге ұлт өкілдері оқушыларының қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, оның ішінде көркем әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
- оқушылардың өзін-өзі дамытуына, қабілеттерін жетілдіруіне мүмкіндік жасау.
Әр сынып оқушыларына қазақ халқының аса көрнекті жазушылары Ы.Алтынсарин, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, О.Бөкей шығармалары ұсынылып, билет сұрақтары арқылы білімдері бағаланды. Бағалауда ескерілгені: шығарманы толық білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруі, өз түсінігін, шығарма туралы ойын жеткізуі, қазақ тілін меңгеруі.
Байқауға 21 оқушы қатысты.
Нәтижесінде
5-сынып:
І орын-Максимчук Данил, Маяковский атындағы орта мектебі;
ІІ орын-Воронина Даяна, Бақыршық орта мектебі;
ІІІ орын-Коробка Даяна, П.Карелин атындағы орта мектебі;
ІІІ орын-Бендик Артем, Георгиевка орта мектебі.
6-сынып:
І орын-Джураева Нулифар,П.Карелин атындағы орта мектебі;
І орын-Мальцев Руслан, Маяковский атындағы орта мектебі;
ІІІ орын-Самойлова Элеонара, Бақыршық орта мектебі.
8- сынып:
І орын-Кульшинова Анель, Маяковский атындағы орта мектебі;
ІІІ орын-Каус Нина, Н.Крупская атындағы орта мектебі.
10-сынып:
І орын-Накалюжный Григорий, Маяковский атындағы орта мектебі.
Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.Жанаева оқушылардың қазақ әдебиетінің аса көрнекті жазушыларының әдебиетте орны ерекше туындыларын меңгерудегі талаптарына, ауыз екі диалогта сөйлеу мәдениеттеріне, ойлау және пайымдау бағытындағы қызығушылықтары, зеректік көрсете білгендері үшін пән мұғалімдері мен оқушыларға әділқазылар алқасы атынан, өз атынан ризашылығын білдірді. Жеңімпаздарды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз!