«Қош келдің,жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің шыршасы өткізілді.

«Қош келдің,жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің шыршасы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Жаңа жылдық мереке қарсаңында облысымыздың орталығы Семей қаласында «Қош келдің,жаңа жыл-жаңа белес, жаңа арман!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің шыршасы өткізілді. Оған ауданымыздан 9-13 жас аралығындағы 23 оқушы қатысты. Балаларға ән мен күй, би, ертегі кейіпкерлерінің шоуы ұсынылды. Мереке соңында жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен ноутбуктердің сертификаты табыс етілді. Ұмытылмас мереке сыйлағаны үшін балалар, ата-аналар ұйымдастырушыларға жүрекжарды алғыстарын айтты.