«Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық байқауы

«Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық байқауы

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында білім бөлімінің жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату, шығармашыл мұғалімдерді анықтау және қолдау мақсатында «Лучший учитель русского языка и литературы» аудандық байқауы өтті. Байқауға ауданның білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Байқау барысында қатысушылар үш тапсырманы орындады.
1. Написание эссе на выбранную тему.
2. «Мой инновационный проект»
3. «Лучший урок русского языка и литературы»
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын-Н.Крупская атындағы орта мектебінің мұғалімі Акпарова Ольга Валерьевна;
ІІ орын-Суықбұлақ орта мектебінің мұғалімі Узакбаева Сауле Рамазановна;
ІІІ орын-Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің мұғалімі Сенбекова Ардақ Сенбекқызы;
ІІІ орын- Маяковский атындағы орта мектебінің мұғалімі Капасова Назым Жаксылыковна.
«Лучшее эссе» номинациясы Бірлік орта мектебінің мұғалімі Беркутбаева Аманжол Токтаргазиновнаға, «Лучший урок русского языка и литературы» номинациясы Қарасу орта мектебінің мұғалімі Бокпасарова Анар Амангалиевнаға берілді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!