
2022 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Жыл оқушысы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланды. Нәтижесінде Георгиевка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Андраш Балнұр жүлделі ІІІ орынға ие болды.