
Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткiзiлдi.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу, оку-танымдык қызметiн ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында жобаларды қорғау ереже бойынша 16 секцияда жүргiзiлдi.
Облыстық кезеңге қалалық және аудандық білім беру мекемелерінен 250-ден астам оқушы, Жарма ауданынан 24 жоба қатысты.
Нәтижесінде:
ІІ орын - 4, ІІІорын - 10.
Барлық орын алған оқушыларымыз сырттай өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!