IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы

IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы

IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы

         2022 жылдың 15 қарашасында «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен  IX республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өтті.

Мақсаты: жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеруге, ақындық, сөз өнерінің қадір – қасиетін түсінуге тәрбиелеу.

Шығармашыл жастарды анықтау, қолдау.

Өнер байқауының 4 бағытына:

  1. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді оқу);
  2. Эссе жазу;
  3. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген т.б.);
  4. Ақындар мүшайрасы.

Жарма ауданы білім беру мекемелерінен 4 оқушы қатысты.

Нәтижесінде:

Көркемсөз оқу бағамы

Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Төлеубекова Алтынай І орынды иеленіп, Республикаға жолдама алды. Жетекшісі -Балкатаева Зульфия Рыскалиевна, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі;

Ақындар мүшайрасы бағамы

П.Г.Карелин атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Есекенова Айым ІІ орын, жетекшісі – Айсабек Гүлайым, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі;

Эссе жазу бағамы

Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Төлеутай Перизат ІІІ орын, жетекшісі – Жармагамбетова Галия Капашовна;

Ұлттық аспапта өнер көрсету бағамы

Маяковский атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тұрсын Нұрайға өнері үшін арнайы сертификат берілді. Жетекшісі – Аксакова Балым Макановна, музыка пәні мұғалімі.

         Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өнер байқауының Республикалық кезеңіне жолдама алған Төлеубекова Алтынайға Сәттілік тілейміз!