
Отаны мен туған өңірінің абыройын асқақтатып жүрген жастарымыздың бірі, Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің 2018 жылғы түлегі, «Алтын белгі» иегері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде автоматтандыру және басқару бойынша білім алған Аймұрат Мамбетниязов қазіргі таңда Лондон қаласындағы ең ірі «Мета» компаниясында алғашқы еңбек жолын бастады.
Оқушы кезінен өзінің жан-жақты білімімен, талантымен, тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік білеумен ерекшеленген Аймұрат білім берген ұстаздарының, ата-анасының сенімдерін ақтап, туған өлкесінің мәртебесін көтеріп, сапалы білім мен еңбектің үйлесімділігінің, құндылығының үлгісі бола білуде.
Парасатты, білімді ұрпақ- мемлекетіміздің кемелді болашағы.
Жас талант Аймұратқа Отанының, туған өлкесінің мақтанышына айналып, елін сүйген Тұлға болуына тілектеспіз!!