
Жарма ауданының барлық білім беру мекемелерінде 2022 жылдың 10 -20 қараша аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» республикалық онкүндік өткізілді.
Мақсаты: Балалардың мүддесі үшін мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың күш-жігерін мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда біріктіру.
Жоспар аясында төмендегідей іс-шаралар өткізілді:
7-11 сынып оқушылары арасында «Құқық сабақтары-өмір сабақтары» тақырыбында Жарма ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары А.Акимбаева, Р.Мұратовпен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1-4 сынып оқушылары арасында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Мен және менің құқығым" тақырыбында сурет көрмелері, 5-11 сынып оқушылары арасында "Зиянды әдеттердің қауіптілігі" тақырыбында қабырға газеттері шығарылды.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Құқығым бар" тақырыбында эссе байқаулары, ата-аналармен "Бақытты ана - бақытты бала" тақырыбында ата-аналар жиналыстары, "Бала құқығы - асыл қазына", "Бала құқығын қорғаймыз!" тақырыбында тәрбие сағаттары, «Өз құқығыңды біліп, өзіңді қорға» айдарымен көрмелер, 9 сынып оқушылары арасында «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу», "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" тақырыбында педагог-психологтардың ұйымдастырылуларымен тренингтер ұйымдастырылды.