
Республика күніне орай «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны Google қосымшасында Google Meet платформасында онлайн форматта өткізілді.
Мақсаты: өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» сынып оқушыларының дене шынықтыру, әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру.
Ойынға Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінің «Жас Сарбаз» 7-8 сынып оқушылары әскери –спорттық ойынның іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 90 қатысушы қатысты. Команданың сандық құрамы- 8 адам : 7 оқушы (5 ұл, 2 қыз) және 1 топ жетекшісі.
Ойынның қортындысы бойынша Маяковский атындағы орта мектебінің командасы І орынды иеленді. Жетекшісі Сарсембай Жарас Серікханұлы.