
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 9-10 қарашасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыру;
- талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу, оларға қолдау көрсету;
Ғылыми жобалар конкурсына 157 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 26 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.