«Шәкәрім Керуені Жарма ауданында» кәсіптік бағдар беру акциясы

«Шәкәрім Керуені Жарма ауданында» кәсіптік бағдар беру акциясы

Шәкәрім Керуені Жарма ауданында
2022 жылдың 11 қарашасында Жарма аудандық мәдениет үйінде Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінің мобильді тобы «Шәкәрім Керуені Жарма ауданында» кәсіптік бағдар беру акциясын өткізді.
Акцияға Жарма ауданының әкімі Ж.Б. Байсабыров, Жарма аудандық мәслихатының хатшысы М.М.Оспанбаев, Басқарма төрағасы – ректор Б.А.Ердембеков, университеттің әр жылғы түлектері, білім беру мекемелерінің директорлары, мекеме, ұйым басшылары, ата – аналар, 9-11 сынып оқушылары, университет әкімшілігі, студенттері қатысты.
Акция салтанатты жиынмен бастау алды. Алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімі Ж.Б.Байсабыров бүгінгі іс – шараның маңызына тоқталды. Елдің болашағын да, әлеуетін де арттыратын жастар, сондықтан да білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы, осы бағытта университеттің жұмысы қарқынды түрде дамып, тың бастамалар үнемі мақсатты жалғасын табуда және университеттің әр жылдардағы түлектері де әр салада үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүргенін атап өтті.
Басқарма төрағасы – ректор Б.А.Ердембеков бүгінгі акцияның мақсаты мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт беру, қолдау көрсету, аға ұрпақ арасындағы, ата – аналармен байланысты нығайту.
Университет түлегі Аудан әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлына және аудандық Мәденииет үйінің директоры А.Даутовқа ұзақ жылдардағы абыройлы еңбегі үшін университеттің жоғары марапаты «Шәкәрім» медалін табыстады.
Білімде, мектепішілік қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген, озат оқушыларға «Шәкәрім білім грантын» табыс етті. Жарма ауданының дамуына үлес қосып жүрген университеттің әр жылдардағы түлектері, озат және белсенді студенттердің ата – аналары Басқарма төрағасы – Ректор Е.Б.Ердембековтің Алғыс хатымен марапатталды.
Университет студенттерінің жыл сайынғы қатарын көбейтіп жүрген Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясының, Георгиевка орта мектебінің, Маяковский атындағы орта мектебінің директорларына абыз ақын Шәкәрім портретін табыстады.
Жоғары оқу орнына түсу тәртібі: өзгерістер мен ескертпелер туралы мәлімет берілді.
Акция барысында аудандық мәдениет бөлімінің өнерпаздары, университет студенттері өз өнерлерін ортаға салып, салтанат «Шәкәрім шаңырағы» маршымен аяқталды.
Абай атындағы көпсалалы мектеп - гимназиясында жоғарғы оқу орны мен білім беру мекемелері мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, мамандықты дұрыс таңдау, бірлесіп, бағыттауда Семей қаласы Шәкәрім университеті мен Жарма ауданы білім бөлімі арасындағы «Ынтымақтастық» меморандумына Шәкәрім атындағы университетінің Басқарма төрағасы-ректор Б.А.Ердембеков, Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймуратов қол қойды.
9-11 сынып оқушыларымен, ата- аналармен, мектеп директорларымен, мұғалімдермен жұмыстар жалғасын тапты.