
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес К.Шакенов атындағы орта мектебінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Жас математик» олимпиадасы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың әлеуметтік-белсенділік тұлғасын дамыту, жаратылыстану –математика бағытындағы пәндерді оқуға оқушылардың қызығушылығын, тәжірибелік қабілеттері мен теориялық білімдерін тереңдету.
Олимпиада екі айналымда өткізілді:
- жеке айналым ( 10 есептен құрастырылған тест сұрақтары)
- командалық айналым ( командамен орындауға арналған 2 тапсырма)
Жеке айналым бойынша 5 сыныптан-26 оқушы, 6 сыныптан -26 оқушы, 7 сыныптан -25 оқушы , барлығы 77 оқушы, командалық айналымда 24 команда қатысты.
Нәтижесінде:
Жеке айналым бойынша:
5 сынып:
І орын-1; ІІ орын-4; ІІІ орын -5
6 сынып:
І орын-1; ІІ орын-2; ІІІ орын-5
7 сынып:
І орын-1, ІІ орын-4, ІІІ орын-2
Командалық айналым бойынша:
І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын-5
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!!!