«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 3 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Негізгі мақсаты – Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Облыстық кезеңге қалалық және аудандық білім беру мекемелерінен 300-ден астам оқушы қатысты.
Нәтижесінде Жарма ауданынан қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
І орын – 8, ІІ орын -9, ІІІ - 7 орын.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!