«Тарих пәнін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер»  тақырыбында аудандық семинар

«Тарих пәнін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер»  тақырыбында аудандық семинар

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2022 жылдың 1 қараша күні Маяковский атындағы орта мектебінде Жарма ауданы тарих пәні мұғалімдерінің сабақтың сапасын жақсарту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, жаңа платформа мен жаңаша тиімді әдіс-тәсілдермен, ойын түрлерімен таныстыру мақсатында «Тарих пәнін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер»  тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинар барысында Георгиевка орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурмухаметова  Айдана Дәулетқызы «Wordwall. Wheelofnames. come» платформаларын сабаққа тиімді пайдалану жолдарын көрсетсе, К.Шакенов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Солтыбаева Назгуль Алгабасовна, Б.Тұрсынов атындағы орта мектебінің тарих пән мұғалімі Бутабаева Жанаргуль Орысбаевна   «Тарих пәнін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер»    тақырыбында  шеңбер әдісі, логотип, QR кодты пайдалану жолдарымен таныстырып өтті. Жаңғызтөбе орта мектеп – балабақша кешенінің тарихі пәні мұғалімі Агиева Назым Сергазиновна «Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын арттыру» тақырыбында оқушылардың ойын үстінде  шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу, міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажеттігін атап өтті.

Семинардың қорытынды бөлімінде өткізілген шебер сыныптарға, тренингтерге қорытынды жасалып, ұсыныстар берілді.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.С.Жанакова білімге қойылатын жаңа талаптардың орындалуын іске асыруда жаңа  бағыттарды айқындап, міндеттер белгіленді.