
«IQANAT» қоғамдық қорының жұмыс жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 2 қарашасында Маяковский атындағы орта мектебінде «IQANAT» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізіліп, оған 23 мектептен 191 оқушы қатысты.
Қоғамдық қордың басты мақсаты – ауыл мектептері оқушыларына Қазақстан және шетел ЖОО-на тең дәрежеде түсуге мүмкіндік алуға қолдау көрсету.
Олимпиаға қонақ ретінде «IQANAT» қоғамдық қорының алғашқы атқарушы директоры, негізін салушылардың бірі Садыкова Айжан Ерхановна және Актогай - кедендік рәсімдеу қоймасының , Өрнек - Көкпекті ауданының сүт фермасының, КазГеоТерм - көкөніс өсіретін жылыжай кәсіптерінің іргесін қалаушы, Жарма ауданының демеушісі Қасенов Саян Капанович қатысты.
Олимпиаданы ұйымдастыру кезеңінде қатысушылардың дағдылары мен білімдерін дамыту үшін ұйымдастырушылар тарапынан мотивациялық тренингтер өткізілді.