Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілеріімен онлайн жиналыс

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілеріімен онлайн жиналыс

2022 жылдың 19 қазанында Абай облысы білім басқармасының «Жарма ауданы білім бөлімі» ММ – сі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына, сондай – ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына биылғы жылы өзгерістер енгізілгені туралы онлайн форматта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған жылдың 21 қазанында аудан бойынша барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ата – аналары үшін офлайн форматта түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі.